«Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған іс-шара, «Бөбек» бөбекжайында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сай желтоқсан айында педагогтар арасында әдіскер Б.С Кушалиеваның ұйымдастыруымен «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Шара барысында барлық педагогтармен «Сағат» тренинг ұйымдастырылды. Педагогтар үш топқа бөлініп «Болашақ тәрбиеші моделі » плакатқа суреттерден коллаж жасады. Барысында әрбір педагогтың арасында А4 қағазы ілінеді, бір біріне тілектер жазды. Педагогтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, сондай-ақ ұжым арасындағы мінез ьқұлықтар, жағымды жағымсыз әрекеттер, әдеп кодексінің сақтауы туралы өз ойларын ортаға салды.