«Щапов ауылы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің
«Бөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Алғашқы ұстаз — ата-анаға арналған кеңестер
Психолог; А.Т.Табылдиева
Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
«Отбасы — көзбе-көз» ата — аналар жиналысының әдістемелік дайындау конкурсы
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, т.б.
Сауалнама
- Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан)
- Баланы кім тәрбиелейді?
- Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы)
- Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).
- Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)
- Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?
- Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)
- Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау).
- Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға)
- Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба?
Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Ата – аналарға кеңес «Балаларға қандай ойыншықтар қажет?»
психолог: Табылдиева А.Т.
Балаларға қандай ойыншықтар қажет?
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.
Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық ата-ана бір жерге кеткенде, жарық сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын ойыншық – досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады, жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.
Ал робот – трансформерге, «Денди» ойыншығына бала қатынасы соншалықты болады деуге сену қиын. Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды, өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.
Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы болуы керек.
Өмірге байланысты ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жануарлар отбасы болуыда мүмкін), қуыршақ үйі, ыдыс-аяқ, жиһаз, машиналар, қайық, касса, таразы, медициналық және шаштарас құралдары, сағат, кір жуу машинасы, шторлар, теледидар, бор және тақта, есеп, музыкалық құралдар, темір жолдар, телефон және т.б.
Ашуды шығаруға көмектесетін ойыншықтар. Солдаттар, қараулар, доптар, үрленетін ойыншықтар, секіртпелер, кегли, сонымен қатар лақтыратын дротиктер және т.б.
Шығармашылық қиялды және өзін танытуды дамыту ойыншықтары.
Текше, матрешка, пирамида, конструкторлар, әліпбилер, үстел ойындары, кеспе суреттер мен открыткалар, бояулар, пластилиндер, мозайка, қол еңбегі жинағы, жіптер, мата қиындылары, желім, аппликация қағаздары және т.б.
Ойыншық сатып аларда мына тәртіпті қолданыңыз: ойыншықтарды жинау емес, таңдау керек.
Үлкендердің елестетуіндегі ойыншықтар балалар пікірі бойынша ештеңеге жарамсыз. Автоматты және жартылай автоматты жиналған эмоционалдық талабын қанағаттандырмайды. Балаға мінезге тән өңдейтін, жөндейтін ойыншықтар қажет. Ол үшін автоматты ойыншықтар жарамсыз.
«Өмір бойы ойыншық ойнау мүмкін емес» дейтін нақыл бар. Бұл шындық, бірақ үлкендер де кейде күлкілі сувенирлер сыйға алғанда да мәз болатынына келісетін шығарсыздар. Өз балаларыңызға тек қана туған күдерінде және жаңа жылда ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл күйде болғанда да шаттық сыйлаңыздар!
Балаларға қандай ойыншықтар керек?
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.
Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке –ана, қыз–ана т.б.
5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.
«Баланың тілі қалай дамиды» Психолог; А.Т.Табылдиева
Баланың тілі қалай дамиды
Тіл – адамдардың әлеуметтік қатынастың ең маңызды факторы, ол адамдардың өміріндегі барлық әсер етулерді біріктіретін элементті болып табылады.
Ойлау мен тілдің қарым-қатынасы ерекше iлтипат талап етедi. Тіл – ойдың тікелей шындығы.
Бала өз анализаторлары арқылы айнала әлемнің заттық ортасын өзінің ең алғаш негізгі ұсыныстарын бақыраштайды.Сөз сенсор жолымен табылған ұсыныстарды бекiтедi.Баланың лингвистикалық дамытуы сенсорлықпен тығыз байланыста.
Бала үшiн, бiрiншi санасына түсетiн оның қоршаған әлемiнен нақты қабылдауы сыртқы сезiмдердiң органы арқылы болып табылады.
Бала әлі сөзді заттан айыра алмайды.Сөз заттың таңбаланушымен ол үшiн дәл келедi.
Тiл көрнекi, әсерлi жолымен дамиды.Сөз және зат адамның ақылына бiр уақытта ұсынуы керек, дегенмен бiрiншi орында - зат бұл таным және тіл (бұл туралы Коменский айтты).
Нақты әлемсіз тіл дами алмайды, баланың жалпы дамуында дәнеңе терiс осылай шағылыспайтынын бiлемiз.
Баланың тілі дамыған үшін, балалардың айналасында өздері көре алатын, салыстыратын, ойын және еңбекте үйренетін заттар болу керек, бақылау нәтижелерін сөзде қамтып көрсету керек.
Заттардың дұрыс қабылдауы баланың бас зерделi жұмысы болып табылады.Сенсорлық және сөйлеу дамуы тар бiрлiкте боладыжәне сөздер дамыту бойынша жұмысты сезiм мүшелерiнiң дамытуы жұмыстан бөлуге болмайды.
Заттардың дұрыс қабылдауы баланың бас зерделi жұмысы болып табылады.Сенсорлық және сөйлеу дамыту тар бiрлiкте болады,және сөздер дамыту бойынша жұмысты сезiм мүшелерiнiң дамытуы және қабылдауды жұмыстан бөлуге болмайды.
Сөз баланың есінде сақталу үшiн ол оның сыбысы және санамен сан рет шығаруы керек, ал сөздің дұрыс дыбысталуын меңгеру үшін оңы жиі қайталау керек.
Баланың әңгiмелесушiлерi балалар және ересек болуы керек және, бала өз құрдастарының ортасындағы ойнау керек, балаларға кең қатынасу мүмкiндiгiн берiп,
өз сөзiн маңызды жолымен жетiлдiру, сонымен қатар тілдерін дамыту.
Тіл саласындағы дербестік ойында және ойын арқылы еңбекте осылай жарық және қызық айқындалады.
Баланың қоршаған әлемі - күн сайынғы тұрмыстың заттары, адамдар, жануарлар, суреттер, ойыншықтар, табиғат - бала қабылдауларын әлемнiң кеңейтуi және олардың тiлiнiң дамыту үшiн ағыл-тегiл материал қолдануға жеткіздіреді.
Әсiресе бағалы баланың өнерiнiң өнiмдерi тiлдiң пайдасына құнды болып табылады. Бала сурет салады, мүсіндейді, құрастырады, ұстайды, орнатады. Ол сөзбен жеткіздіре алмайтың өзінің ішкі сезімдерін білдіреді. Көрнекiлiк балалардың қабылдауын құрастыруға негiзгi құрал болса да, сондай жалғыз болып табылады.Iске асыратын сөзден сезiнуін айыруға балалардың үйренуiнде мүлдем рұхсат етiлмейдi. Оңы отбасы және балабақша ұмытпай керек. Бiз тәртiпсiздiктен баланың дамытуын арашалауымыз керек, кемелiне жетпеген және шалағайлық,баланың заттармен таныстыру үстiнде бақылау алған бастапқы әсерлерi дәл, дұрыс болатындай етiп мүмкiндiк туғызуы керек амалдарынша көлемдi.Өмiрдегi тиiстi жолымен балаларға ақылды педагогикалық басқаруымен бiз бұл дегенiне жетуіміз керек.
Дене шынықтыру (Ата-аналарға арналған кеңес) Психолог; А.Т.Табылдиева
Үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.
Миға жүктеу
Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.
Тәтті ұйқы
Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.
Күйзелістің алдын алу
Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған ас пен ұйқы.
Есте сақтаудың дұрыс жолы
Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.
Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.
Қайталаңыз
Құрғақ бассейн (Ойындар)
Құрғақ бассейн - бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын құралы.Оны балалармен ойын жаттығуларын жасағанда, қимыл-қозғалыстық және дидактикалық ойындар өткізу кезінде қолданады.Құрғақ бассейн әсіресе тірек-қимыл апаратында, бұлшықет жүйесінде кемістіктері бар балалар үшін өте пайдалы.Себебі құрғақ бассейннің жұмсақ қабырғасы мен ондағы пласмассалық шарлар баланың денесіне қауіпсіз тірек болады және бұлшықеттеріне жұмсақ массаж жасайды, сонымен қатар дененің терең демалуын (релаксация) қамтамасыз етеді немесе керсінше баланың қимылдық және эмоциялық белсенділікті күшейте түседі.
Құрғақ бассейнде жүргізілетін барлық жаттығулар мен сабақтар балалардың психомоторикалық ____________ және қимылдық іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған белсенді психологиялық-педагогикалық процесс болып табылады.
Құрғақ бассейн - балалардың қабылдау процесін қалыптастыруда да педагогтың айнымас көмекшісі болып табылады.Себебі бассейннің кеңістіктік сипаттамасы - көлемі, тереңдігі, ұзындығы,оның ішіндегі шарлардың түстері, пішіндері баланың кеңістікті қабылдауына таптырмас құрал болып табылады.
Құрғақ бассейннің баланың дамуына әсері:
Бұлшықет жүйесі.Құрғақ бассейнде жасалатын жаттығулардың басым көпшілігі аяқ-қол, кеуде бұлшықеттерінің көмегімен жасалады.Бассейндегі қарқынды қимылдар мен іс-әрекеттер кезінде баланың басқа да ұсақ бұлшықеттері іске қосылады.
Бұлшықеттің қозу мен тежелуін талап ететін ойындар мен жаттығулардың кезектесуі балаға ұзақ уақыт бойы денесіне түсетін ауыртпашылықты жеңіп шығуға мүмкіндік береді.Бұл дененің үйлесімді, қалыптасуына жағдай туғызады.
Жүрек – қан айналым жүйесі.Балалардың жүрек – қан айналым жүйесінің ерекшелігі жиі тынығу мен дене жаттығуларын ауыстырып отыруды талап етеді.Баланың жүрегі қозу процесі кезіңде жылдам шаршайды да, өзгеріске тез бейімделе алмайды, соңының салдарынан оның жиырлу ырғағы (ритм) оңай бұзылады.Бассейнде баланың денесінің орналасуына байланысты және денеге шарлардың механикалық әсер етуінен, қан айналымы жақсартып, оның жүрекке баруы тездейді.
Тірек-қимыл апппараты.Мектепке дейінгі жаста баланың тірек-қимыл аппараты қалыптасу сатасында болады, бұл кезде баланың омыртқасы жұмсақ және иілгіш болып келеді де оңай қисаюы мүмкін.Құрғақ бассейндегі қозғалыс кезінде баланың денесі шарлардың үстімен сырғанайды да, оның қанқасына әсіресе омырқасына түсетін қысым төмендейді. Сондықтанда құрғақ бассейндегі «жүзу» қаңқаның түзу қалыптасуына тиімді әдіс болып табылады.
Тыныс алу мүшесі.Мектепке дейінгі жаста баланың тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасы нәзік және онда лимфа және қыл тамыр жолдары көп, тыныс алу бұлшықеттері әлсіз болады.Құрғақ бассейндегі жаттығулар мен ойындар кезінде баланың тыныс алу бұлшықеттері қалыптасады және бекейді.
Құрғақ бассейнде өткізілетін жаттығулардың мақсаты:
- балалардың жалпы қимыл- қозғалыстық белсенділігін дамыту;
- баланың қалыпты өсуіне физиологиялық жағдай туғызу;
- омыртқа жотасының түзу қалыптасуын дамыту;
- жалпақтабандылықты түзету;
- бұлшықеттің күші мен тонусын көбейту;
- балаға динамикалық және статистикалық дұрыс демалуды үйрету;
- жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйелерінің қызметтерін жақсарту;
- балалардың психоэмоциялық жағдайларын жақсарту;
- дененің тактильдік сезімталдығын жақсату;
Құрғақ бассейнде өткізілетін жаттығулар мен ойындарға қойылатын негізі талаптар:
- құрғақ бассейндегі жаттығуларды жеңіл киіммен және жалаңаяқ жасау керек.
- құрғақ бассейннің көлеміне байланысты жаттығуды 3-6 баламен жасау керек.
- балалардың жас (жасы кіші балалармен жатығуды ересектерге қарағанда аз жасайды) және жеке (гипербелсенді, астеник, эмоциялық-еріктік сферасы бұзылған және т.б.синдромы бар балалар) ерекшеліктеріне байланысты бассейнде жаттығумен айналысу уақыты 10-25 минут аралығында болуы керек.
- балаларға берілетін тәрбиелік және коррекциялық- білім беру міндеттеріне және қимыл-қозғалыстық және танымдық дамуына байланысты ойындар мен жаттығуларды таңдау керек.
- ойынды бастамастан бұрын балаларға ойынның тәртібін, мақсаты мен міндеттерін және күтілетін нәтижесін түсіндіру өту керек.
- ойынның тәртібі мен мазмұның анық, қисынды, нақты түсіндіру керек.Мысалы:ойынның аты, ойыншылардың рөлі, тәртібі.
- құрғақ бассейндегі жаттығулар мен ойындар балалардың қимылдық шығармашылығын көрсете алатындай үлгіде ұйымдастырылуы керек.
Құрғақ бассейнде ойналатын ойындар
«Шарды ұстап ал»
Педагог немесе тәрбиеші баланы құрғақ бассейннің үстіне ұстап тұрады да, шарларды екі қолымен ұстауды сұрайды.Кейін бір қолымен ұстауды сұрайды (бастапқыда оң, кейін сол қолымен).
«Көбелектi ұста»
Педагог немесе тәрбиеші бір ұшына көбелек жапсырылған жіпті жоғары көтеріп, құрғақ бассейнді айналып жүреді Бала бассейннің ішінде шарлардың үстінде отырып, көбелекті ұстап алуға тырысады(бастапқыда екі қолымен кейін бір қолымен).
«Қолымызды тығамыз»
Балалар құрғақ бассейннің ішіне екпетінен жатып педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде қолдарын шарлардың арасына тығып тастайды.
«Аяғымызды жылытамыз»
Балалар құрғақ бассейндегі шарлардың үстіне отырадыда, педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде аяқтарын шарлардың арасына батырады.4 жастан асқан балалар бұл жаттығуды шарларды қолдарымен лақтып аяқтарын шарлардың арасына тығу арқылы орындай алады.
«Күштi аяқтар»
Балалар бассейннің қабырғасына арқаларын беріп отырады да педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде аяқтарымен шарларды итере бастайды.
«Икемді аяқтар»
Балалар бассейнің қабырғасына отырады да, бассейннің ішіндегі шарларды қысып, аяқтарының ұшымен іліп алады.
Күрделі түрі:Балаларға шарларлы нақты бір түспен, көрсетілген санмен жинау тапсырылады.
«Желаяқ»
Балалар бассейнде түрегеліп тұрып, қабырғаларынан қолдарымен ұстап тұрады да. педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде шарлардың арасымен жүгіре бастайды.
«Балықтар»
Құрғақ бассейнде етпеттей жатқан балалар қолдарымен балықтың жүзу қимылдарын салады.
«Жасырынбақ»
Балалар бассейнде түрегеліп тұрып, қабырғаларынан қолдарымен ұстап тұрады да. педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде отырады, келесі белгі бергенде кері тұрады.Ойын осылай қайталана береді.
«Қоңыздар»
Балалар бассейндегі шарлардың үстіне арқаларымен жатады да, педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде қолдары мен аяқтарын бірдей уақытта жоғары көтеріп қоңыздарша қозғалта бастайды.
«Велосипед»
Балалар бассейндегі шарлардың үстіне арқаларымен жатады да, педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде аятарын велосипедтің педальдарын тепкендей қозғалта бастайды.
«Кiм тез»
Балалар бассейндегі шарлардың үстіне төрт аяқтап тұрады да , педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде белгіленген жерге дейін мәселен, ойыншыққа дейін еңбектеп келеді.
«Бақалар»
Балалар бассейннің жанындағы биіктігі бассейннің қабырғасымен бірдей отырғышта тұрады да педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде бассейнге секіреді Кішкентай балаларды тәрбиеші қолымен ұстап секіртеді.
«Кiрпiлер тығылды»
Балалар бассейндегі шарлардың үстіне арқаларымен жатады да, педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде тізелерін қолдарымен кеудесіне қысып алады да, арқасымен алға, артқа домалайды.
Бұл жаттығуды кiшi жастағы балалармен жасамайды.
«Қоянды қасқырдан тығу»
Балалар бассейнге шеңбер жасап отырады.Педагог немесе тәрбиеші «ал балалар қоянды жеуге қасқыр келе жатыр, оны шарлардың арасына тығып қоюымыз керек» деп басейннің дәл ортасына қоянды орналастырады.Ал балалар қоянды көрінбейтіндей етіп шарлармен көміп тастайды. 4 жастан асқан балалармен бұл ойынды балаларды бассейннің сыртына тұрғызыпта ойнатуға болады.
«Аюды тап»
Бұл ойын балалармен бассейннің жанында түрегеліп тұрып ойналады.Педагог немесе тәрбиеші «ал балалар қазір сіздер көздеріңізді жұмғанда мен шарлардың арасына мына аюды тығып тастаймын кейін мен белгі бергенде сіздер көздеріңізді ашып маған аюды шарлардың арасынантауып берулеріңіз керек.Тапқан адам жеңімпаз болады» деп нұсқау береді.Балалар педагог немесе тәрбиеші белгі бергенде көздерін ашып бассейннің ішінен аюды іздейді.
«Үй саламыз»
Балаларды бассейннің ішіне отырғызып оларға шарлардан үй тұрғызу тұрғызу тапсырылады.
4 жастан асқан балаларға үйді тек белгілі бір түспен (мысалы, жасыл немесе қызыл) тұрғызу керектігі сұралады.
«Қояндар күнге қыздырынады»
Балалар бассейнде жатып, педагог немесе тәрбиеші «қояндар күнге қыздырынады» деп нұсқау бергенде біресе сол жақ бүйіріне, біресе оң жақ бүйіріне аударылады.Бұл кезде қолдарын қалай ұстасада өз еріктері. Бұл жаттығуды 4 жастан асқан балалармен жасағанда олар қолдарын шардың арасына тықпай, бетінде ұстаулары керек.
І-ІІ кіші сәбилер тобы «Дидактикалық ойын»
«Жануарлар немен қоректенеді?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жүру барысы: Балалар жануарлар немен қоректенетінін табу. Әр балаға 3-4 жануарды бере отырып, олардың қорегін тауып беруі керек.
«Пішіндерді ажырат»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойлау қабілеттерін жетілдеру. Пішіндерді түстеріне қарай ажырата білу.
Жүру барысы: Үлкен пішіндердің қасына, дәл сондай кіші пішінді ажырату керек.
«Тышқанға көмектесейік»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Түстерді айыра білуге үйрету, аяушылық сезімдерін ояту, алған білімін бекіту.
Жүру барысы: Тышқанға көмектесу арқылы үйшіктің есігін түсіне сәйкес табулары керек.
«Жануарлар қайда тұрады?»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жануарлар қайда тұратындығы туралы білімдерін жетілдіру.
Жүру барысы: Жануарларға сәйкес үйшіктерін тауып берулері керек.
«Қар адамы»
Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жүру барысы: 1) Балаларға дөңгелек пішін тәрізді фигуралар таратылады.
2) Сол пішіндерден қар адамын құрастырып шығаруы тиіс. Қар адамы дегеніміз-аққала. Аққаланың суретін құрастыру.
Ортаңғы топ
Ойынның тақырыбы: «Ғарышкер»
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеріп, қиялын дамыту.
Жүру барысы: Сендер ғарышкерсіздер, ғарышқа сапар шегуге дайын тұрсыңдар. Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстатаңдар. Міне, ұштық! Ұшып келіп, қондық. «Ғарышта» тақырыбына қиялдарынан әңгіме құрастыру.
Ойынның тақырыбы: «кімге не керек?»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту,мамандыққа лайықты заттарды және анық аттарын білуді үйрету.
Жүру барысы: Балаларға суреттерді көрсету. Балалар мынау дәрігер, аспазшы, шофер. Суреттер орнына дәрігер, аспазшыы киімдерін киген қуыршақтарды пайдалануға болады. Балалар әр мамандықтың киімін және олардың не істейтінін айтады. Осы мамандық иесі қандай арнаулы киімдермен жұмыс істейді. Балалар алдына қарап қойып, ішіндегі заттардан қай маманға не береміз,- дейді.
Ойынның тақырыбы: «Гүлдерді таны»
Мақсаты: Таныс гүлдердің иісін ажырата білуге және дұрыс тани алуға үйрету.
Жүру барысы: Әр шоқ гүлінің атын атап, балаларға тегіс иіскету. Сонан кейін бір баланы шақырып, көзін жұмғызып, шоқ гүлдің иісін ажыратып, атын айтқызу. Гүлдің атын айтқан бала, ойын жүргізуші болып тағайындалады.
Ойынның тақырыбы: «Жануарлар өз мекенін табу»
Мақсаты: Балаларға үй және орман жануарларын таныстыру. Жануарлардың қорегін, мекенін таныстыру. Үй және орман жануарларын ажырату және оларға қамқор болу.
Жүру барысы: Балалардың көңілін өзіме аудару, сұрақтар қою. Үйлерінде қандай жануарлар бар екенін сұрау? Қандай жануарларды жақсы көретінін сұрау? Суреттерді іле отырып таныстыру.
Ойынның тақырыбы: «Көйлек қайдан пайда болды?»
Мақсаты: Балаларға көйлектің пайда болуы туралы білімдерін кеңейту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін және белсенділігін дамыту.Сөздік қорын молайту.
Жүру барысы: Берілген карточкалар бойынша, көйлектің пайда болуы ретін еске түсіре отырып, ретімен орналастыру.
Ойынның тақырыбы: «Қоян неге көңілсіз?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырату, түстерді тани білу.
Жүру барысы: Қоян кілемшесін алып келеді, соны балалар геометриялық пішіндермен жамау керек.
Ойынның тақырыбы: «Кім жылдам!»
Мақсаты: Балаларды қыс және жаз кезіндегі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, спорттық ойындарға қызығушылығын арттырып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, сөздік қорын молайтуға тәрбиелеу.
Жүру барысы: Балаларды 2 топқа бөлу. «Қыс» және «жаз». Стол үстіне жазғы, қысқы спорт түрі бейнеленген суреттер. Бастаушының белгісі бойынша балалар топтың атына сәйкес спорт түріне байланысты заттарды, ойындарды тауып, өз тобына үстелге жинайды.Жиналған заттың санын анықтайды. Кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.
Ойынның тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Жыл мезгіліне байланысты мағлұмат беру, ерекшеліктерін ажырату.
Жүру барысы: Тақтаға жыл мезгілдері және бірнеше суреттер ілінеді. Балалар күз, жаз, қыс, көктем туралы суреттерді тауып ілу керек.
Үстел үсті ойындары
Тобы: Ортаңғы
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс айтқыза отырып, ерекшеліктерін ұғындыру, түсін, пішінін ажырата алу қабілетін дамыта отырып, балалардың зейінін, қимыл шапшаңдығын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген 9 қағаз қиындысы
Шарты: жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген қағаз қиындысынан тапсырма орындатуға болады.Ойынға 2 бала қатысады. Алдарындағы жемістер мен көкөністердің суретін тәрбиеші нұсқауы бойынша әр атаған белгіні жауып отырады.Мысалы: құлпынай десе балалар құлпынай суреті бейнеленген қиындының бетін жауып қояды. Атауларын айтумен қатар, сипаттау арқылы жасыруға болады. Мысалы: қара көк түсті әрі дөңгелек, дәмі тәтті жемісті тап! Кім тез әрі дұрыс орындаса сол жеңіске жеткені.Ойын 15- 20 минутқа созылады.
Үстел үсті ойындары
Тобы:II сәбилер
Тақырыбы: Мозаика
Мақсаты:Балалардың зейінін суретке шоғырландырып, бейнелердің орналасу ретін анықтауға дағдыландырып, шапшаңдық қабілетін арттыру
Көрнекілік:Түрлі пішінді ойықтары бар суреттер, пішіндердің бетін жабатын сәйкес бейнелер
Шарты:Түрлі пішінді ойықтары бар суреттердің бетін сәйкес бейнелермен жабу арқылы ойналады.Ойын балалардың қызығушылығына байланысты 10- 15 минутқа созылады.
Үстел үсті ойындары
Тобы: Ортаңғы
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс айтқыза отырып, ерекшеліктерін ұғындыру, түсін, пішінін ажырата алу қабілетін дамыта отырып, балалардың зейінін, қимыл шапшаңдығын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген 9 қағаз қиындысы
Шарты: жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген қағаз қиындысынан тапсырма орындатуға болады.Ойынға 2 бала қатысады. Алдарындағы жемістер мен көкөністердің суретін тәрбиеші нұсқауы бойынша әр атаған белгіні жауып отырады.Мысалы: құлпынай десе балалар құлпынай суреті бейнеленген қиындының бетін жауып қояды. Атауларын айтумен қатар, сипаттау арқылы жасыруға болады. Мысалы: қара көк түсті әрі дөңгелек, дәмі тәтті жемісті тап! Кім тез әрі дұрыс орындаса сол жеңіске жеткені.Ойын 15- 20 минутқа созылады.













