Бәйтерек ауданында , Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Алтын сақа » шағын орталығында 28 қыркүйек айында «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы экологиялық және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу» шеберлік сыныптар понорамасы тақырыбында облыстық көлемінде семинар өткізілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартып, педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктері мен шеберліктерін үздіксіз арттыруға қолдау көрсету және өзара озат тәжірибе алмасу алаңын құру.Эксперименталды алаңдардың тәжірибелік жұмыстарын қортындылау.
Қатысушылар санаты: аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері мен педагогтары.
Облыстық семинарға «Бөбек» бөбекжайының меңгеруші, әдіскер және тәрбиеші қатысты. Осы семинарда біз «В.Воскобовичтің сиқырлы шаршылары» тақырыбында тәжірибемен бөлістік.
https://yaslisad-bobek.rka.kz/kz/zha-aly-tar/252-mektep-zhasyna-dejingi-balalardy-ojyn-ar-yly-ekologiyaly-zh-ne-ltty-ndyly-tar-a-t-rbieleu.html#sigFreeId2f63154833













