Бәйтерек ауданында «Еркемай» бөбекжайында педагогтар арасында «Креативтілік. Шығармашылық. Инновации» шығармашылық аукцион аудандық конкурс өтті.
Аукционның мақсаты : мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалық-ізденушілік әдістерді тиімді қолдануда үздік тәжірибені анықтау, озық жобалық жұмыстарды кеңінен насихаттау және тарату, кәсіби шеберліктерінің өсіуіне ықпал ету.
«Бөбек» бөбекжайының тәрбиешісі педагог - сарапшы Меңдіғази Гүлдана Мәлікқызы қатысты. Осы шығармашылық аукционда өз іс - тәжірибесімен бөлісті. «Күлгін орман ғажайыптары» (В.Воскобовичтің дамытушылық ойындары) тақырыбында жобасын ұсынды. Екінші орынға ие болды.
https://yaslisad-bobek.rka.kz/kz/zha-aly-tar/260-kreativtilik-shy-armashyly-innovatsii.html#sigFreeId1c50e68898













