Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 20.12.2019ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту

Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, ,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.

Көрнекіліктері: карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.

Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман –есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

Ұйымдастыру кезеңі.

  • -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Ал мұз ше?

-Ауа қандай?

-Терезелерде не бар?

Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)

Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

(балалардың жауабы)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?

Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.

Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.

Жәндіктер тығылып қалады.

Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.

Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.

Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.

Ойын тапсырмалар

1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?

Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.

Оқылатын өлең:

Ш.Ахметов.

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғанап жастар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып.

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы

,Бұл қайкезде болады?

 «Қысқы еңбек»

Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр?

 «Балалардың ойындары»

Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?

«Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.Үйлердің төбеінде де қар. Жерде омбы қар.Адамдар жолды қардан тазартады.Ал балалар көңілді.Үйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Жұлдыз» ересек тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 17.01.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сиқырлы табиғат әлеміне  саяхат»

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Оларды табиғат ғажайыптары мен табиғат құпиялары туралы мағлұматтарымен таныстыру. Табиғаттың тіршілігіне және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершлік сезімдері мен жауапкершілігін дамыту. Өз елінің, жерінің табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік: Күн – солнце

Табиғат – природа

Ай – луна

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:         Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Біз әдепті баламыз,

Құрметті қонақтарға

Бас иіп сәлем береміз!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

  • Жарайсыңдар! Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі тақырыбымыз

«Табиғат тамашасы». Табиғат-ана жер жүзіне жылуын, мейірімін сыйлап түр емес пе? Сондықтан, ешқашан жамандық жасама, жақсылық қана ойла. Барлығы саан жақсылық жасауға, дос болуға ұмтылады. Енді, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Егерде жұмбақтың шешуін тапсақ, табиғаттың сиқырын ашылады.

 

Таң атқанда қауызын ашады,

Кеш батқанда қауызын жабады.      (Гүл)

Табиғат сендерге ризашылық білдіріп, гүлін ашты. Балалар, сиқырлы табиғат гүліміз ашылды, амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, сиқырлы ханшайым!

Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені танисындарма. Мен табиғат аясындағы сиқырлы ханшайыммын. Сендер көптеген сиқырлы тапсырмаларды ала келдім.

«Табиғат мінезі» жаттығуы

Қәне,барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша, ашық күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет аяқ астынан жел соқты. Алдымызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.

Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қаты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

Сұрақ – жауап

Ханшайым: Табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Су, ауа, күн, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар жатады.

Ханшайым: Табиғат нешеге бөлінеді?

Балалар: Табиғат екіге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа: Балықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер жатады.

Өлі табиғатқа: Су, ауа, күн, ай, тау, аспан жатады.

Ертегі: «Күн мен Ай» (кейіпкерлеу)

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен – бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

-Сенен мен сұлумын!- дейді. Ал Айсұлу.

-Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!- деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланган Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырғвн Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірінен – бірі көрінбейді.


Сергіту сәті: Қарлығаш

Билингвальді компонентті қайталау: Күн – солнце

Табиғат – природа

Ай –луна

Балаларды орталыққа ауыстыру

Дидактикалық ойын: «Табиғаттан не үйрендім»

Айтып отырып суретті жабыстырып, табиғат бейнесін құрастыру.

Жылулықты – күннен,

Тазалықты – судан.

Өсуді – ағаштан,

Биіктікті – таудан.

Иә, балалар, біз табиғаттан көптеген заттарды үйренеді екенбіз.

Табиғат туралы тақпақ кім айтады ?


Қоштасу шеңбері:       

Күн, сәуле  шашқаның үшін рахмет!

Таза ауа саған рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Ағаш көлеңкеңе үшін рахмет!

Жер жомарттығың үшін рахмет!

Табиғат сұлулығың үшін рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 21.02.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, олардың не үшін қажет екендігін түсіндіру. Мамандардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Дәрігерге баратын жолды сызып көрсет»

Көрнекілігі: слайд, мамандар киім үлгілері.

Барысы:
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады.(әр қайсысында бір тал гүл) бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- Балабақшамыз көркейе берсін.
- Деніміз сау болсын.
- Балалар қараңдаршы сендердің гүл шоқтарың үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Мінеки өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастаймыз.
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Слайд көрсету, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.
Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап.
Сергіту сәті:

Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші оларға қуанды.
Аспазшы дәмді етіп тағам пісірді.
Ал егер жөтеле қалсақ
Дәрігер емдем жазады.
Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1 - бала. Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
2 - бала. Отанның ұланын
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.
3 - бала. Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.
4 - бала. Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын: «Мамандық құралын тап» Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.
Сюжетті рольді ойын: «Дәрігер» Ойын барысында балалар бір - бірімен қарым - қатынасты нығайту барысында сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері оянады.

Қортынды: Балалар біз бүгін мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық оның еңбек екендігін білдік. рольдерге бөлініп дәрігердің жақсы маман екендігін ойын арқылы көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадыңдар, мінекей қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады.
Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мамандықтар туралы толық түсінік алуы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болуы керек: Мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 28.02.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым»

Мақсаты: балалардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой — өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыру, озық ойлы студенттерді анықтау.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Рөлдік ойын: «Кім болам?», «Бағдаршам» ойыны.

 Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары», «Дұрыс және бұрыс» ойыны
Үштілдік: Мамандық – профессия – professions (профешен)
Барысы: 
І.Кіріспе.
Мұғалім:

  • Сәлеметсіздер ме. Здравствуйте. Good morning

Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай? Кәне бәріміз шеңберге жиналып тұрайық. Бір бірімізге күлімдеп жақсы көңіл күй сыйлайық.

Шаттық шеңбер:

Қол ұстасып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Кел тұрындар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір болу.

Қандай жақсы дос болу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім: Біздің бүгінгі өтетін оқу іс әрекетіміздің не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді... жөндейді. (етікші) (сапожник)
Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш) (летчик)
Тамақты... дайындалады. (аспазшы) (повар)
Ауруды... емдейді.(Дәрігер) (доктор)
Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш) (пожарник)
Балаларды... оқытады.( Мұғалім) (учитель)

  • Ал осының бәрін бір сөзбен қалай айтамыз? (мамандықтар) (профессий)

Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар біз бүгін мамандықтар жайында оқу іс әрекетін өтетін боламыз.
- Қалай ойлайсыңдар осылардың барлығы біздің өмірімізге қажет пе?

Рөлдік ойын: «Кім болам?»
Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндігін және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету.

Мұғалім:-Балалар, саяхатқа бару үшін бізге не қажет? (көлік) Қандай көлікпен баруға болады? (автобус, пойыз, велосипед, ұшақ, қайық, кеме т.б)

Ал біз бүгін саяхатқа автобуспен барамыз, автобус жолдың арғы жағында тұр, оған жету үшін біз жолдан өтеміз. Жол ережесін білесіңдер ме? Жол ережесін сақтау және тәртіпті бұзбау. Қай мамандық осыны қадағалайды? Бізге көмекке полиция келеді.

 - Балалар, полиция болу үшін қандай болу керек? Мықты, әділ, білімді т.б.

«Бағдаршам» ойыны.

Міне біз мамандықтар әлеміне де жетіп қалдық.

 

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.

Бұл қандай мамандық екен? (Шаштаразшы) (Парикмахер)

Мұғалім:- Шашатараз мамандығы туралы не білеміз?

Жақсы ары қарай кеттік.

Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

«Сиқырлы дорба» ойыны. Дорбаның ішінде әртүрлі құралдар жатыр, сендер сол құралдар қай мамандыққа қатысты екенін атап берулерін керек. (бір баладан шығып, дорбадан құрал алып атау керек қай мамандыққа қажет екенін). Тамаша, бәрін тауып бердіңдер, не деген ақылдысыңдар.

 

Балалар, қандай керемет иіс тамақтың иісі, бұл не екен? (асхана). Мұнда қай мамандық жұмыс атқарады екен? (аспазшы) Аспазшы мамандығы жайлы не білеміз?

Алдымызда дүкен тұр, онда кім қызмет атқарады екен? (сатушы)

Сатушы мамандығы туралы не білеміз?

 

Сергіту сәтін жасайық.(видео)

 

Балалар қазір біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Сендердің алдарыңда үш түсті карточкалар жатыр, кімге қай түс ұнайды алады, одан кейін өз тобын тауып тұрады.

Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
Ал енді теледидарға назар аударыңдар, тапсырмаларыңды дұрыс орындадыңдар ма әлде қателер бар ма? Топ бір бірлерінің жұмыстарыңды қарап, бағалап шығыңдар.

Жақсы мына тапсырманы да орындап шықтыңдар.

Тәрбиеші:- Балалар егер бір жерден өрт шықса біз кімді шақырамыз? (өрт сөндіруші)

Дұрыс өрт сөндірушіге телефон шаламыз 101 нөміріне.

Балалар, біз осы мамандық туралы, қауыпсіздік ережесі туралы не білеміз?

Ал , балалар, жақсы, білімді, ақылды, батыл, батыр болу үшін не істеу керек? Жақсы оқу керек, білімді болу керек. Ол білімді бізге кім береді? (мұғалім)

ІІІ. Қорытынды:

Жақсы осымен біздің мамандықтар әлеміне саяхатымыз аяқталды. Бәріміз шеңберге тұрайық

«Дұрыс және бұрыс» ойынын ойнамыз. Қате болса аяқты топылдатамыз, дұрыс болса алақан соғамыз.

Рефлексия:

Осымен біздің бүгінгі оқу іс әрекетіміз аяқталып қалды. Сендердің алдарында екі қыш құмыраның ішінде гүлдін сабағы тұр. Біреуіде көңілді смайлик күлімдеп тұр, ал екіншісі көңілсіз қабағын түйіп тұр. Енді қазір кімге бүгінгі оқу іс әрекет ұнады сол көңілді смайликке барып жапырақ жапсырады. Кімге ұнаған жоқ көңілсіз смайлікке жапсырады.

Бүгінгі оқу іс әрекет сендерге ұнады? Несімен ұнады? Ұнамаса, несімен ұнамады? Не білдіңдер?

Сендерге, балалар көп көп рахмет. Бүгін өте белсенді жақсы қатыстыңдар.

Сау болыңыздар. Досвидания. Good bay.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 06.03.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Жыл мезгілі. Көктем»

Мақсаты: Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздерді түсініп, дұрыс айтуға жаттықтыру, түстерді қайталату, табиғат сұлулығын көре білуге, сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Ойын: «Кім көп айтады?», «Қуырмаш» ойыны, Көктем көрінісінің суреті.

Сөздік жұмыс: Бүршік жарды, көшетті отырғызу, нығыздаймыз, ылғалдаймыз, қопсытады, төлдейді.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші балаша.

Сәлем, сәлем нұрлы күн,

Сәлем саған жер ана.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

 

  • Балалар көңіл күйлерің қалай?
  • Тамаша.
  • Ендеше біз «Тамаша» ойынын ұйымдастырып жіберейік.

Шарты. Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер «тамаша» деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп бір – бірлеріңе көрсетесіңдер:

  • Көктем мезгілінің ауа-райы қандай?
  • Тамаша!
  • Гүлдердің исі қандай?
  • Тамаша!
  • Құстардың даусы қандай?
  • Тамаша!
  • Жайқалып өскен көк шөп қандай?
  • Тамаша!
  • Өте жақсы балалар! Көтеріңкі көңіл-күймен бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастайық. Орындарымызға отырамыз.
  • Балалар, бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай аталады?
  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Өте жақсы, жарайсыңдар!

 

ІІ. Жаңа тақырып: «Жыл мезгілі. Көктем»

Балалар біз жаңа оқу іс – әрекетін бастамас бұрын мына жұмбақтың шешуін табайық:

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

                                        Көктемде. (Весна)

Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Көктем мезгілінде күн ұзарып, түн қысқара бастайды. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жерлер қараяды, арықтардан су аға бастайды. Көктемде жер беті кілемдей жайнап, жасыл түске енеді. Көктем мезгілінің алғашқы гүлі бәйшешек бой көтере бастайды. Әсем қызғалдақтар шешек жарады. Ағаштар бүршік жарып, жасыл жапыраққа бөленеді. Жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келе бастайды. Жәндіктер тіріледі, көбелектер пайда болады. Адамдар үшін көктем мезгілі қызу жұмыс науқаны, жұрт егіске шығады, жер жыртылады, егін егеді. Үй жануарлары төлдей бастайды. Нөсер жаңбырдан кейін әдемі кемпірқосақ пайда болады. Көктем өте көңілді мезгіл. Осы құбылыстың бәрін көктем келбеті деп атаймыз. (слайдпен көктем мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)

  • Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетті ұнады ма?
  • Иә.

 

  1. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

 

Көктем көрінісінің суреті.

 

  • Көктем мезгілінде ағашта қандай өзгерістер болады?
  • Жапырақтар пайда болады (3-4 бала жапырақтар қыстырады)
  • Нелер ұшып келеді?
  • Құстар ұшып келеді.
  • Құстар қайда қонады?
  • Құстар ағаш бұтағына қонады (3-4 бала құстарды отырғызады)
  • Көк шөптер қайда өседі?
  • Жерде (3-4 бала жерге шөп отырғызады)
  • Төлдер қайда ойнақтайды?
  • Көк шөптің үстінде ойнақтайды (төлдер суретін орналастырады)
  • Бұның бәрі қай мезгілде болады балалар?
  • Көктемде.
  • Өте жақсы балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

 

Қорытынды.

Бәріміз бірге айтамыз:    

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен қонақтарға сыйлаймыз

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 12.03.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»

Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.

- Тамаша!!

Ал,  балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

- Көктемде неше ай бар?

- Қандай үш ай?

- Қазір қандай ай?

Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Керемет. Балалар.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің  тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

  • Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Су тіршілік көзі» екен.

Судың дыбысын тыңдау.

- Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Су бізге не үшін қажет?

 - Қалай ойлайсыңдар:

І. Судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? 

Судың иісі жоқ

ІІ.Судың пішіні бар ма?

«Суда пішіні жоқ»

.ІІІ. Судың дәмі бар ма? 

«Суда дәм жоқ»

ІҮ. Судың түсі бар ма? 

«Су — мөлдір»

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс.

Жұмбақтар:                                                            

  1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су) 
  2. Қыста шыны боп қатады, 

 Жылыда су боп жатады.. (Мұз).
3.Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. 

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр)

4.Қыста ғана болады, 

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

  1. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

 

Ойын.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)Керек заттар: шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі  жұмыртқаны саламын. Жұмыртқа су түбіне батып кетеді 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды жақсылап ерітемін.

3.Енді жұмыртқаны қайтадан  осы суға саламын. Жұмыртқа суға батқан жоқ!

  1. Тұз судың тұздылығын арттырады. Судағы тұздың мөлшері көбейген сайын оның

тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кезкелген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге бола ма?

Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

Қандай ойын ойнадық?

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне  белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 27.03.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Салт дәстүр-асыл қазынам»

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың бойына өнеге боларлық халықтың салт дәстүрін дарыту.Балалардың үлкенге,ата - анаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді», суретті сөйлейтін кітап.

Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

Біз Қазақтың баласы,

Дені сау салауатты.

Біз-ұлттың болашағы,

Білімді де сауатты.

  • Жарайсыңдар балалар! Орнымызға жайғасамыз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік:

  • Балалар назар аударайық. Балалар біздің туған жерімізде жусан көп өседі. Біздің ауылда үй

жануарларынан сиыр, қой, ешкі көп кездеседі. Мінекей балалар мен сендерге туған жеріміз туралы қысқаша мәлімет бердім.

  • Енді сендермен «Туған жер бейнесі» деген ойын ойнағым келіп тұр. Менімен бірге

ойнағыларың келе ма?

Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді.»

Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету. Шарты :алдымыздағы карточкалардан сурет қиындыларын алып туған жер бейнесін құрастыру.(Мұғалім балаларға көмектеседі.) Өте жақсы балалар ойынды керемет ойнадыңдар. Енді, балалар слайдқа назар аударайық .

Біздің қазақ халқының ұлттық ойындары өте көп. Оны слайд арқылы таныстырып өтемін. 

  • Міне ,балалар Қазақ халқы ойынға бай ел. Мен сендермен бірге ұлттық ойынымыздың бірі

арқан тартыс ойынын ойнағым келеді.

Ойын: «Асық ату»

Шарты: Менің қолымда түрлі түске боялған асықтар бар.Осы асықтарға сәйкес үстел үстінде карточкалар орналасқан. Бұл карточкалар ішінде туған жерге байланысты сұрақтар бар.Мен балаларды бір бірлеп шақырамын, көзімізді жұмып асықты таңдап аламыз. Таңдап алған асық түсіне сәйкес карточкадағы сұрақтарға жауап береміз.Ендеше ойын бастаймыз:

  1. Рәміздерді ата? (Символы)
  2. Елбасымыз кім? (Президент)
  3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Наша страна)
  4. Қазақстан Республикасының астанасын ата? (Столица)
  5. Біздің тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады? (наш поселек)
  6. Біздің балабақшаның атын ата? (Наш детский сад)

Рефлексиялық –түзетушілік:

  • Қане балалар,шеңберге тұрайықшы.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

  • Өте тамаша балалар, жарайсыңдар оқу қызыметіміз ұнады ма? Бүгін біз сабағымызда не туралы өттік? Қандай ойын ойнадық? Жарайсыңдар балалар оқу қызыметім осымен аяқталды.

Күтілетін нәтеже:

  • Орындайды: Арқан тартады.
  • Түсінеді: Ұлттық ойындарды, туған жер туралы.
  • Қолданады: Елбасы суреттері,туған жердің суреттері. Сурет қиындылары, арқан, асық, түрлі карточкалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 04.06.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Бірге еңбектенеміз»

Мақсаты: Табиғат аясында көктем мезгілін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру, үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Дидактикалық ойын: Суретті сөйлейтін кітап, «Мақал-мәтелдер»

  1. Шаттық шеңбері: А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.
    Жақсы бала еңбекшіл,
    Ер азамат болады.
    Қиындықты жеңіп кіл,
    Құшағы гүлге толады.
    Еңбекшіл осындай
    Болайықшы досым – ай.

– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Жаз мезгілі неше айдан тұрады?
– Жаз мезгілінің ерекшелігі қандай?
– «Еңбекқор бала» деп қандай баланы айта аламыз?
– Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Ойын. «Мен еңбекқор баламын».
Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады. Мысалы:

Мен ойыншықтарымды жинаймын. (убираю)
Мен гүлдерге су құямын. (полеваю)
Мен киімдерімді реттеймін.
Мен есіктің алдын сыпырамын. (подметаю)
Мен ыдыстарды жуамын. (помою)
Мен үйді реттеймін.
Мен еден жуамын, т. б.
Шығармашылық жұмыс:

Монтесорри элементтерімен түймелерді ағыту, сырмақтарды жүргізу арқылы балалар өзіне және өзгелерге көмек көрсете алатындығын түсінеді.

 Қорытындылау.
Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата – анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкендердің айтқанын тыңдап, әрдайым көмектесіп қолғабыс жасауы керектігін.
Түсінеді: еңбек, еңбексүйгіштік мағынасын.
Игереді: өзіне және өзгелерге көмек көрсету керектігін. …..

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 25.06.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ғарышкерлер күні»

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Ғарышкерлер туралы буклеттер, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сөздік: Ғарыш-космос, зымыран-ракета, ғарышкер-космоновт.

-    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік шаттанып.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс, осыған дейін қандай мезгіл болды?

- Осы көктем мезгілінің 12-сәуірі ғарышкерлер күні деп аталады.

-Балалар біздің мына төбемізде әртүрлі планеталар ілулі тұр. Біз оларды ғаламшарлар дейміз.Ғаламшарлар шар, доп сияқты домалақ болады екен.

-Балалар, аспан әлемін бақылайтын құрылғыны –телескоп деп атайды. Не деп атаймыз қайталайықшы?

-Біз осы ғаламшарлардың ішіндегі мына «Жер» деп аталатын ғаламшарда тұрамыз.

-Қайда тұрады екенбіз?

-Жерде басқа ғаламшарда жоқ нәрселер бар екен: су топырақ, ауа.

-Нелер бар екен?

-Сондықтан мұнда адамдар жан-жануарлар тіршілік етеді.

-Біз аспанға немен ұшамыз?

-Балалар біз ұшақпен жете алмаймыз. Сондықтан ғалымдар одан биікке ұшатын ауа көлігі зымыранды ойлап тапты.

-Не деп атаймыз?

Билингвалды компонент: Ғарыш-космос, зымыран-ракета, ғарышкер- космоновт.

-Балалар, сендер, ғарышкер болғыларың келе ме?

-Ғарышкер болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, аспан сырларын білу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті бала болу керек. Спортпен шұғылданып, мықты батыл болу керек.Ендеше бізде денемізді шынықтырып алайық.

   Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

1,2,3- Бойға жинадық күш!

Қорытынды.
-Аспанға ұшатын адамдарды кімдер дейміз?

-Біз тақтаға не жапсырдық?

-Балалар, бүгінгі іс-әркетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Аспан әлемін телескоппен зерттейді, ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкерлер деп атайтынын;

Нені игереді: Ойындар арқылы аспан әлемін орналастыруды;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 2.07.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз»

Мақсаты: Көп ұлтты мемлекет туралы түсінік беру.Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға баулу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, өлеңдер. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

  • Мен бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Қазір мен сендерді шеңбер құрып тұруға

шақырамын.Шеңберімізді күнге ұқсатайық.Қол ұстасып бір-бірімізге күлімдей қарайық.Ендеше шат көңілмен мына өлеңді бірге айтайық.

Шаттық шеңбері

Амансыз ба,күн!

Амансыз ба,жер!

Амансыз ба,жан дос!

Амансыз ба,әлем!

Баршаға амандық,сәлем!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Барлығымыз жайғасып отырайық. Бүгін мен сиқыршымын.Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз.Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде,біздің сапарымыз басталады.1,2,3

Сүйіспеншілік періштесі: -Армысыңдар балалар! Қош келіпсіңдер менің әлеміме! Сендер әр қайсың ерекше баласыңдар. Ерекшеліктерің сондай ,қолдарыңнан бәрі келеді. Осы мүмкіндіктеріңді тек жақсылық жасау үшін ғана қолданыңдар. Әсіресе бір-біріңе қолдау көрсетіп,жақсылық жасай біліңдер! Бақытты болыңдар!

- Балалар,енді менің белгіммен біз өз елімізге ораламыз.1,2,3 оралдық.

- Саяхат сендерге ұнады ма?

-Сүйіспеншілік періштесі сендерге не деп айтты?

-Сендер жақсылық жасай білесіңдер ме?

-Қандай жақсылық жасадыңдар?

-Бақыт,бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Рахмет,балалар!Тамаша!

Бақыт бұл-біздің деніміздің саулығы,ата-анамыздың,туысқандарымыздың қасымызда болуы,армандарымыздың орындалуы,достарымыздың көп болуы.

Дәйексөз: «Бақыт деген сенің бала кездерің»

Сергіту сәті:

Орынмыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп аламыз.

Шығармашылық жұмыс:

Коллаж «Мен бақытты баламын!». Берілген суреттердің ішінен тақырыпқа сай коллаж құрастыру.

Ойын: «Шар жару»

Шарты: шарды жарып, бүгінгі тақырыпқа қатысты жаңа сөздердің аудармасын мұғалімнің көмегімен қайталау. Мысалы: бақыт-счастье, денсаулық-здоровья, т.б.

Рефлексифті-түзетушілік

  • Ыңғайланып отырыңыздар. Көздерімізді жұмып, денемізді түзу ұстаймыз. Сіздер

әрқайсыларыңыз ерекше жаратылған,бір-бірлеріңізге ұқсамайтын ерекше жандарсыздар.Бәрің әдемі, сұлу, күшті, мейірімді, бақыттысыздар.Бүгінгі оқу қызметімізді еске түсірейік.Сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Адами қасиеттерді білу;

Игереді: Бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік сөздері туралы түсінігі;

Қолданады: Сыйластықпен, ұйымшылдықпен өмір сүру.