Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 31.10.2019ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Күз сыйы.

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мнемо кесте суреттері, дауыс ырғағын өзгерту техникасы, жұмбақ шешу, түсіндіру.

 Іс-әрекет түрі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберінде

дөңгелене тұрып:

- Армысыз, Алтын күн!

- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-ана!

 Күліп шықты күн бүгін!

 Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

Балалар қимыл көрсете отырып, бірге айтады.

Табиғат анамен 

амандасып жақсы көңілмен отырады.

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

- Алтын күз дегенді қалай түсінесің?

- Жомарт күз дегеніміз нені білдіреді?

- Бір жылды неше мезгіл бар?

Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы»

Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшіліктерін атай отырып,бұтағын салыстыра отырып, дұрыс ауыстыру.

Бүгінгі сабағымызда Бүркіт Жақыповтың «Күз сыйы» өлеңін жаттаймыз

  Күзде.

Алма пісті,

Алмұрт пісті,

Алша пісті,

Жерге түсті.

Қияр пісті,

Қарбыз пісті,

Қауын пісті,

Қандай күшті!

Жидектердің

Татып дәмін,

Жемістердің

Жейміз бәрін.

 Енді балалар өлеңді қайталауда дауыс ырғағын өзгеру техникасын қолданайық. Аю дауысымен бір қатарын қайталаймыз. Қоян дауысына салайық, ал үшінші шумағын бұлбұл құстай әндетіп айтайық. Жарайсыңдар!

Жеке қайталату. Бала өзіне ұнаған дауыс ырғағына салып айтады.

 «Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.

Сергіту сәті:

Алтын-сары, қызыл-көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күзгі бақта шаттана,

Билейміз біз айнала.

Енді балалар, сендердің зерек екендеріңді тексерейін. Жұмбақтар шешейік. 

  Аспай піскен,

  Қайнамай түскен.

          Бақшадан жер қазып,

          Жиып алдым жез қазық.

  Көк ала костюм киеді,

  Күннің көзін сүйеді.

 

 

Табиғат аясында өздеріне ұнаған табиғи материалдарды жинай бастайды.

 

 

 

 Ойынды қызығушылықпен ойнауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең сөздерін есте сақтап қалуға тырысады.

 

 

 

 

 

Күз жомарт, береке сөздерінің мағанасын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

   

Сергіту сөздеріне байланысты  қимыл-қозғалыстар  жасайды.

 

 

 

 

Жұмбақты мұқият тыңдап, жауабын дұрыс шешуге әрекеттенеді.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексті - түзетушілік

Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті, көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.

    Балалар ойнды қызығушылықпен ойнауға тырысады.  Дұрыс жауап беруге талпынады.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже: 

Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.    

Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.

Нені біледі: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 07.11.2019ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты:  салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Берілген жан — жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру

Іс-әрекет түрі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең-мотивациялық қозғаушы

Қызығушылықты ояту «Шаттық шеңбері»

Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық

- Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!

Жаттығуды қайталайды

ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік

— Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?

— Денсаулыққа.

— Дені сау адам — бақытты адам.
— олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
— Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.

Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Доп.

Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. «Дені саудың- жаны сау» 

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып қадірлеп!

Торғайларға тастаңдар!

Балаларға әңгіме оқып беремін.

не пісіреді?

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

 

 

 

ІІІ кезең-

рефлексивті -түзету

 

«Спорт — біздің досымыз»
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 09.01.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Табиғат әлемі»

Мақсаты: Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға  тәрбиелеу. Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту. Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге 

Билингвалдық компонент: табиғат-природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Амандасу. Суретпен жұмыс.

Сюжетті суреттермен жұмыс.

-Бір жылда неше  мезгіл  бар?

-Әр  мезгілдегі  табиғаттың  көрінісін  ата?

-Кімге  қай  мезгіл ұнайды? Несімен  ұнайды?

-Қазір қай мезгіл?

2.Негізгі бөлім:Көрсету және түсіндіру. Сұрақ– жауап.

-Табиғат туралы түсінік беру.(жер,су,ауа,өсімдіктер,

құстар,жануарлар т.б.)

-Тірі және өлі табиғат туралы түсіндіру.

 Сергіту сәті:

«Құбылыстар»

Аз қимылды ойын – «Табиғатпен сырласу»

-Сыйқырлы орындық арқылы табиғатқа саяхатқа бару.

-Елестету. (көзді жұму)— мөп-мөлдір ағып жатқан  сулар, жайнап өсіп тұрған  гүлдер, құстар, тамаша табиғат.

  1. Бұлаққа кездесу.

-Бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:

 Алға иілу,  алу, ішу, тамсану. (

  1. Алма ағашына  кездесу.  Ағаштан алманы алып жеу.

Оң аяқ алға, сол аяқтың  өкшесін  көтеру,  алу,   қырт етіп тістеу, тәттісін-ай

3.Раушан гүліне кездесу.

Алға иілу,  алу,  иіскеу, қажет емес  ауаны сыртқа шығару.

Сұрақ – жауап.

-Айналамызды қоршап , жайқалып өскен ағаштар не үшін керек?

-Табиғат  байлықтарына  нелер  жатады?

-Оны қорғау деген  не?

-Табиғатты сүйе білу деген  не?

 

 Тақпақ  жаттау.

 «Табиғат  ана»

Табиғат  ана.

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағыңда ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауыңда,

Барамыз біз бауыңа

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Қыста мәз боп қаламыз,

Сырғанауға барамыз.

Шымырлаған аязда,

Зымырайды шанамыз.

 

Бекіту сұрағы:

  • Табиғат деген не?
  • Табиғат қандай болады?
  • Табиғатта нелер болады?
  • Табиғатты қалай қорғау керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 24.01.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қысқы ойындар».

Мақсаты: Қысқы ойындар туралы түсінік беру. Шана, шаңғы, сырғанақ сөзерін дұрыс айтуға үйрету. Туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ойындар, әңгімелесу, мадақтау.

Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, теледидар, геометриялық пішіндер, тақтайша, ермексаз, шар.

Сөздік: Қыс – зима, қар – снег, аяз – мороз, қоян – заяц.

Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Жұмбақ шешу.

            Қолы менен қаламы жоқ,

            Бірақ сурет салады көп.

                                    (Аяз)

  1. Сұрақ–жауап арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.

- Аяз жылдың қай мезгілінде болады?

- Қыс мезгілінде болады.

- Аяз қандай болады?

- Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.

- Аязды күні ойнауға бола ма?

- Болады. Суықтан қорықпау керек.

- Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тәрбиешінің түсіндіруі.

- Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді).

- Бүгін бізге аққала қонаққа келіпті.

                        Ауыл алды ақшақар,

                        Ақша қарда балалар.

                        Соғып жатыр аққала,

                        Жалқауы жоқ жұмысқа.

  1. Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық. (Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).

                        Қыздырайық денені,

                        Кел, балалар, кел бері.

                        Қыздырайық денені,

                        Орнымыздан тұрып – ақ.

Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (Орындарында тұрып жүгіреді).

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс,

Аяқты алға созайық. (Аяқтарын алға кезек – кезек көтереді).

Тік көтеріп қозғайық!

  1. Аққаланың екінші тапсырмасы: Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

  1. »Кім жылдам?»дидактикалық ойыны.

Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т. б. суреттер ілінеді. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып – жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.

  1. Балалардың қысқы ойындар туралы  алған білімдерін ортаға салып, белсенділік танытып отырған балаларды мақтап, мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 31.01.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қысқы серуен».

Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері табиғат құбылыстарымен таныстыру, оны сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: кубизм әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: қыс мезгілінің суреттері ,қысқы серуендегі балалардың суреттері (аққала,шырша суреттері).

Сөздік: аққала, шана, қар.

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз Біздің топта ұл қыздар

Тату тәтті ойнаймыз

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тәрбиешінің түсіндіруі.

- Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.

Жұмбақ:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Есік қағылып ішке торғай келеді, аузына хат қыстырып алған.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?

Тәрбиеші: Балалар торғайдың аузындағы хатын алып қарайықшы, бұл хат жәй хат емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті.

Балалар торғаймен бірге серуендеуге барамыз ба?

Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен  осы қарға құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік.

 

Суретпен жұмыс.

-Балалар,жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Далада не жауып тұр?

-Балалардың киімдері қандай?

Балалар өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.

Қыста балалар немен сырғанайды?

-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр.Айгүл көңілді ме?

-Не үшін көңілді?

-Арман мен Асхат не істеп жатыр?

-Аққала қандай?Аққала-қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.

-Иә,балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр.

 

Сергіту сәті:

Енді балалар кішкене көңілімізді көтеріп сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Бір,екі,үш,

Қане қанат қағамыз.

Бір,екі,үш,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Бір,екі,үш,

Жинап алжық күш.

 

Тәрбиеші: Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы .Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Қоянның аузында хаты бар екен, алып оқимыз ба?Қоянға көмек керек шығар , мұңайып отырған сияқты.

1үлестірмелі материалмен жұмыс.

Қыс мезгіліне сай суреттерді жабыстыру.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға тәрбиеші көмек беріп тұрады

«Қыста не болады?» дидактикалық ойыны.

Шеңбер құрып тұрады.Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің

ерекшеліктерін айтады.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

-Балалар,мына суретте не бейнеленген екен?

-Жылдың қай мезгілі екен?

-Балалар немен ойнап жүр?

-Жұмбақ не туралы?

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы;

Нені игереді:қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып,сиппатау мәтінін қалай құрастыру керектігін;

Нені біледі:сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 07.02. 2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру, тіл байлықтарын дамыту, балаларды қайырымдылыққа баулу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Дидактикалық ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет», «Суреттер сөйлейді»

Қажетті көрнекі құралдар: аңдардың маскасы, суреттер

Сөздік:  жабайы аңдар-дикое животное, қоян-зайц, қасқыр-волк, түлкі-лиса, аю-медведь,

тиін-белка

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Көк аспанда күн күлсін,

Күліп жүрсін бүлдіршін

Бізге ұдай нұр құйсын!

Сәлем достар!

Балалар шаттық шеңберін жасап, бір-бірімен амандасады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тәрбиешінің түсіндіруі.

Балалар мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?

- Ең айлакер аң…

- Ең қорқақ аң…

- Балды жақсы көретін аң …

- Үстінде тікенегі бар...

- Аң патшасы...

- Батыл аң…

Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз?

Неге жабайы аңдар деп айтамыз?

Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді?

Ойын: «Менің сүйіп жейтін қорегім қайсысы?» сәйкестендір.

Аю                  жаңғақ

Қоян               бал

Тиін                тауық

Түлкі              сәбіз

Тәрбиеші:

Ал қыс түсті, қыс түсті,

Қиын болар қар үсті.

Жортуылға барады,,

Тамақ табуға асығады!

Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?

Қызыл кітапқа енген әрбір жабайы жануарлардың жоғалып кетпеуі керек.

Сергіту сәті:

Бұғының үлкен үйі бар,

Әйнектен көзін салып тұр.

Орманнан қашқан бір қоян

Есікті келіп қағып тұр.

Тық - тық - тық, аш есікті,

Орманға аңшы жетіпті.

Қоян жан, енді тұрыс не?

Қолыңды соз, кір ішке.

  • Ал, балалар енді қағаз бетіне аюдың бейнесін қиып жапсырамыз.

Түлкі

Қоян

Аю

Кірпі

Арыстан

Қасқыр

Жабайы аңдар деп атаймыз

Орманда, жазық алада

Жабай аңдар табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып тіршілік ететін жануарлар

Аю---Бал

Қоян---сәбіз

Тиін-жаңғақ

Түлкі---тауық

 

Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.

Қимылмен жасайды.

Балалар жұмыс жасайды.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Бүгін біз балалар не туралы әңгімеледік?

Орманда қандай аңдар тіршілік етеді?

Аңдар қыста қалай тіршілік етеді?

Ненің бейнесін жапсырмаладық?

Қандай ойын ойнадық?

Сабаққа жақсы жауап берілген балаларды мадақтау.

Аңдардың қысқы тіршілігі

Жабай аңдар

Өз бетімен тамақ тауып тіршілік ететін жануарлар

Аюдың бейнесін

«Менің сүйіп жейтін қорегім қайсысы»ойын

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді;

Нені игереді: Аңдарға қамқорлықпен қарау керек екенін .Ойын барысындағы белсенді болуды

Нені біледі: Жапсыру іскерліктерін 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 06.09. 2019ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Туған тілім-тұғырым»

Мақсаты: Балалардды туған ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.Балалардың танымдық қабілетін дамытып, Отанға , туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз тіл туралы болғандықтан, шаттық шеңберімізді үш тілде айтайықшы. Қане, барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Дидактикалық ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет», «Суреттер сөйлейді»

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер.

Қайырлы таң, ұстазым !

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро , друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте всем добра.

Good morning, Good morning

Good morning, to you!

Good morning, Good morning

We are glad, to see you!

Жарайсыңдар! Енді сабағымызды одан әрі қарай әнұранмен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Ал, біз қай республикада тұрамыз?

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Біздің Елбасымыз кім?

Балалар біздің ұлтымыз қандай?

Өте жақсы, балалар жарайсыңдар!

Балалар, Біздің Қазақстан кең-байтақ. Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Орыс,ұйғыр, тәжік,өзбек ұлт өкілдері тұрады.Балалар, 1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Халықтарының тілдері күні деп жарияланды.

Енді балалар осы тіл мерекемізге арналған тақпақтарымызды, мақал-мәтелдерімізді айтайық.

1-бала    Ана тілің біліп қой,

               Бостандығың теңдігің.

               Ана тілің біліп қой,

               Мақтанышың елдігің.

2-бала    Ана тілім менің,

              Әлдилеген әнім.

              Ана тілім-денім,

              Ана тілім-дінім.

3-бала. Туған тілім-айбыным,

             Туған тілім-ай, күнім.

             Туған тілде айтылар,

             Жүректен шығар ән-жырым.

4-бала  Ана тілім –елдігім,

            Ана тілім –ерлігім.

            Тілді биік құрметтеп,

           Тойлап жатыр ел бүгін.

5-бала   Ана сүті бой өсіреді,

             Ана тілі ой өсіреді.

6-бала . Ақыл көркі-тіл,

              Тілдің көркі-сөз.

7-бала.  Шебердің қолы ортақ,

              Шешеннің тілі ортақ.

Сергіту сәті. Ұлдар мен қыздармыз,

                       Доп сияқты секіріп,

                      Аяқпенен топылдатып,

                       Қолымызды соғамыз.

Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз».

Қатысушылар: Әз Жәнібек хан, Уәзір. 

Хан: Уа, уәзірім, бұл дүниеде не өлмейді?

Уәзір: Уа, хан ием, асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді,ағын су өлмейді,қар жер өлмейді! 

Хан: Уа, уәзірім , жігітке жақсы болу үшін не керек? 

Уәзір: Уа, хан ием, жігітке бірінші білім керек, екінші ғылым керек, үшінші ұғым керек,отты өткір тіл керек! 

Хан : Уәзірім, жігіттің неше жұрты болады Ағайын жұр- күншіл Қайын жұрты- міншіл, Нағашы жұрты- сыншыл. 

Хан:Уа, уазірім сенің жауабыңа ризамын! Енді маған тағамның тәттісін әкеліңдер. 

Уәзір: «Құп болады тақсыр!» .( Ыдысқа салынған тілді әкеледі). 

Хан: Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім ғой. 

Уәзір: Тағамның тәттісі осы! 

Хан: Солай де, енді тағамның ащысын әкел! 

Уәзір: «Құп болады тақсыр!» (Қайтадан тілді алып келеді). 

Хан: Бұл не? 

Уәзір: «Тіл тақсыр!» 

Хан :Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім, тіл әкелдің.Ащысын әкел дедім, неге қайтадан тіл әкелдің. Бұл қай мазағың? 

Уәзір:Уа, мәртебелім, тілден тәтті не бар! Жақсылықтың жаршысы –тіл. «Жылы-жылы сойлесең, жылан да інінен шығады».Ал жаманшылық та осы тіл арқылы болады. «Жаман адамның тілі ащы » -деген осыдан шыққан. 

Тәрбиеші: Балаларды мадақтау.

Ән: «Ананың тілі» 

Қорытынды:

  • Балалар тіл мерекесіне орай не айттыңдар?
  • Балалар, сіздер қандай көрініс қойдыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ересек  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 14.02.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету ,ой өрісін,сөйлеу тілін дамыту. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Шаттық шеңбер» тренингі, «Мекенін тап» ойыны, «Іздерді ажырату», «Иә , жоқ » ойыны, «Мозайка» ойыны, «Пікір» ағашы

Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, жұмсақ ойыншықтар, шыршалар, ағаштар, самалет бейнесі.

Кейіпкер: Орман ханшайымы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн

Қайырлы аспан

Қайырлы жер

Қайырлы таң бәрімізге!

Мұғалім: Қанша жыл мезгілі бар?

Балалар: 4 жыл мезгілі бар

Мұғалім: Қазір қандай жыл мезгілі?

Балалар: «Қыс»

Мұғалім: Қыс екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: Қар жауады, барлық жер аппақ болды. Күн суық болады. Жерге мұз қатады. Боран тұрады, аяз болады.

Мұғалім:

Қыс мезгілі екен ғой,- қазір «қыс» мезгілі екенін білдік. «Қыс» туралы жалпы қысқаша әңгімелейміз. Бүгін «жабайы аңдардың қысқы тіршілігімен» танысамыз.

Қане, балалар бәріміз тақтаға қарайықшы .Бұл суреттен қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

Балалар: Аю, қасқыр, түлкі, қоян.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Енді осы аңдар туралы әңгімесейікші.

Аю: -өсімдіктермен қатар жануарлармен де қоректенеді. Сонымен бірге араның балын да жақсы көреді. Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында шамадан тыс көп қоректеніп, денесіне май жинайды. Егер күзде аю дұрыс қоректенбесе, ол қыстың ортасында апаннан көтеріліп, орманнан қорек іздейді. Ол кезде барлық ұсақ жануарлар үшін және адам үшін де қауіпті.Аю өз апаның құлаған ағаштың тамырын қазып, сынған шырша бұталарымен көмкеріп жасайды.Апанның шатырын қармен таиғаттың өзі көмкереді.Аюдың баласын - қонжық дейді. Аю-өкіреді,ақырады.

 

Қасқыр – күшті, батыр, жыртқыш аң. Үлпілдеген құйрығы аяқтары ұзын. Қасқырдың терісі ашық, сұр түспен қара түске дейін болады.Қасқырдың баласы бөллтірік деп аталады.Ол кез келген жыртқыш аңдар сияқты , ауру және әлсіз жануарлармен қоректенеді, яғни табиғатты тазартады.Қасқыр ұлиды.

 

Түлкі - қасқырға ұқсайды, бірақ денесі қасқырдан кішілеу және құйрығы ұзын үлпілдек, ұшы ақ, аяқтары қысқалау болады. Мұрыны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді, көзі қырағы.Ол қарды иіскелеп жүріп қар астындағы тышқанның әлсіз дыбыстарын естіп қояды. Түлкінің терісі бағалы, түсі- ашық сары түстен сұр қызыл түске дейін өзгереді.

 

Қоян- шөп қоректі жануар. Оның денесі секіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы етиді. Қоян ағаштардың бұтақтарының қабығын және сәбізді кеміреді.Қоянның баласын- көжек дейді. Ол шыңғырып дыбыс шығарады.Қоянды үйде де ұстауға болады.

Ал балалар қане бір серігіп алайықшы.

 

Мұғалім: Балалар енді осы аңдардың дауысын тыңдайықшы.

 

Сергіту сәті:

Қоянның қимылын жассау.

Мұғалім: Ал балалар енді тұрмайық .Жаңа өздерің танысқан жабайы жануарларды көруге орманға барсақ қалай болады?

Балалар: Барамыз.

Мұғалім: Ендеше бәріміз орманға барайық. Орман алыс сондықтанда ұшаққа отырып бармасақ жете алмаймыз. Ал бәріміз ұшаққа отырайық.

Ұшақтың дауысы: у-у-у.

Мұғалім: Ал міне орманға да келдік.Балалар тыңдаңдаршы біреудің кележатқан дыбысы естіледі ғой, деймін (шыршалар арасынан «орман ханшаиымы» шығады)

Орман ханшайымы: Бұл мен «Орман ханшайымымын» ғой.

Балалар: Сәлеметсізбе!

Орман ханшайымы: мен өзімді таныстыратын болсам. Мен орман ханшайымы мен орманды күзетемін, жануарларға қараймын. Еңдеше орманға қош келдіңдер!

Орман ханшайымы: Балалар сендер қай жақтан келдіңдер.

Балалар: балабақшадан

Орман ханшайымы: Онда мен сендерге жұмбақ жасырайын , шешіп көріңдерші. Ал тыңдандар.

Құста и ұшады,

Құлындаи жортады.

Қойдан да қорқады, ол не? (Қоян)

 

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады, ол не? (Аю)

 

Хитрая плутовка

Рыжая головка

Пушистый хвот-краса

Кто это (Лиса)

Косолапый и большой,

Спит в берлоге он зимой (Медведь)

 

Дружу водить лишь с лисой

Этот зверь сердитый, злой

Он зубами щелк да щелк.

Очень страшный серый (Волк)

 

Комочек пуха

Длинная уха

Прячет ловко

Любить морковку (Заяц)

 

Қырда жүрер ол жортып.

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып

Қандай аң ол алдайтын (Түлкі)

 

Орман ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Балалар мен кетейін орманыма. Сендерге рахмет. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Мұғалім: Балалар орманды көрдік еңді балабақшамызға барайық.

Мұғалім: Балалар отырып демдерінді басып алдыңдар шаршаған боларсыңдар. Ойын ойнасақ қалай қарайсыздар. Енді тақтаға қараңдаршы. Біз қазір «Не өзгерді?» деген ойынын ойнаймыз. Тақтаға жабайы аңдардың суреті ілінеді.Балалар көздерін жұмады.Осы кезде тәрбиеші аңдардың біреуінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, ненің суреті жоқ екенін табады.Осы ойынды бірнеше рет қайталаймыз. Ал, балалар бәріңе де рахмет, сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 04.06.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бағалау»

Мақсаты: Табиғат аясында көктем мезгілін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру, үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Дидактикалық ойын: Суретті сөйлейтін кітап, «Мақал-мәтелдер»

  1. Шаттық шеңбері:

 Айналаға қарап, табиғаттың сұлулығын сезініп, әдемі тілектер тілейік.

– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Жаз мезгілі неше айдан тұрады?
– Жаз мезгілінің ерекшелігі қандай?
– «Еңбекқор бала» деп қандай баланы айта аламыз?
– Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Суретпен жұмыс:

- Балалар, суретте Асан ағамыз қандай жұмыс жүргізіп жатыр?

- Иә, балалар, ауланы тазартып жатыр. Көктем мезгілінде адамдар айналаны бәрін тазартады.

 - Біз үйдің ауласына не отырғыздық?

- Ағаштар, гүлдер отырғыздық. Көктемнің басында осындай жұмыстар жүргізіледі. Ағаштар мен гүлдер әдемі болып өсу үшін қандай қамқорлық көрсете аламыз?

 - Иә, балалар, ағаштардың, гүлдердің түбін қопсытып, суғарып, арам шөптерін жұлып отырамыз. Айналамызды таза ұстауға-біздің басты міндетіміз, себебі айнала таза болса, біз демалатын ауа да таза болады. Ағаштар көп болса, ауа таза болады.

 Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

- Ауладағы шашылып жатқан қоқыстарды қайда саламыз?

 - Балалар, қоқыстарды, арнайы қоқыс жәшігіне саламыз. Сендер үйлерінде ана-әкелерінің бақшада қандай жұмыстар жүргізеді? Балалар олардың бізге қандай пайдасы бар?

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Шарты: Жерде жатқан қоқыстарды қайда тастау керектігін түсіндіру.

Қорытындылау.
Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата – анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ағаштар мен гүлдердің пайдасын

Игерді: ауладағы ағаштар мен гүлдерге күтім жасап, еңбек іс-әрекет дағдыларын

Меңгереді: үлкендердің еңбегі туралы білімді.

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 11.06.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»

Мақсаты: Табиғат аясында көктем мезгілін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру, үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Дидактикалық ойын: Суретті сөйлейтін кітап, «Мақал-мәтелдер»

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Әңгімелесу:

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  • Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
  • Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
  • Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде

бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

Тапсырма.

Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.

Ертегі тыңдау: «Қайдан келдің бауырсақ?»

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ :

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ :

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ :

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ :

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген

«Әли мен Аян, талқан нан» туралы ертегі.(компьютерден көрсету)
Сергіту сәті:
«Көңілді күн» әуеніне би қимылдар келтіру. (Қимылмен көрсету)
Қорытындылау:
Балалар біз не жайлы білдік?
Еңбек түрлерін атап беріңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі

Тобы: «Жұлдыз» ортаңғы  тобы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Гиляжева Г.Ж.

Күні: 18.06.2020ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін ояту, өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Ойын: «Суретті құрастыр», «Ғарышкер»,  «Жұмбақтар», суретті сөйлейтін кітап.

Жылулық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жайнай түссін қаламыз

Қайырлы таң,балалар!

- Қайырлы таң, апай!
- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

-Жер - біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.
- Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

- Сендерге ұнай ма?

Балалардың жауаптары.

  • Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз

деген не? Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауабы)

  • Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді.

Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!

Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн-солнце)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз-звезды)
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран-ракета)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай-луна)
- Жарайсыңдар балалар! Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан?
- Аспан әлемінде.
- Ал ғарышқа кімдер ұшады?

  • Ғарышкер

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды  ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин.Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.Біздің Талдықорған қаласының,Өтенай ауылының тұрғыны,жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.

(суреттері көрсетіледі)

-Балалар,қане осы ғарышкер ағаларымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?

 «Ұшты-ұшты»ойыны

Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.  

 

Қорытындылау. 
-Ғарышкер деген кім?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз? 
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім? 
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер? 


Күтілетін нәтиже: 
Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы; 
Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді; 
Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.