Бекітемін:__________

«Бөбек» бөбекжайының меңгерушісі:

А. М. Маушева

 

 

 

 

Перспективалық жоспар

Білім беру саласы: «Коммуникация» ҰОҚ: Қазақ тілі

«Жұлдыз» ересек тобы

2019-2020 оқу жылы

 

 

 

 

 

Түсінік хат

         Білім беру мазмұнының «Коммуникация» саласы ұйымдастырылған оқу қызметінде- тіл дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі арқылы жүзеге асырылады.

         Мақсаты инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдана отырып, қоғамда қарым-қатынас жасау үшін диалогтік және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

         Міндеті:

  • Үлкендермен және балалармен еркін сөйлеу қабілетін қалыптастыру;
  • Балалардың ауызша сөйлеу қабілетін дамыту;
  • Балалар әдебиетіне қызығушылықтарын ояту.

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Қазақ тіліндегі сөздерді ынта қойып тыңдауға және дұрыс айта білуге және ол сөздерді есте сақтауға үйрету. Сөз

ішіндегі қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ұ, ү , і, ғ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөздік қор:

  • Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттар, жемістер, көкөністер, жануарлар, құстар және табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту;
  • Заттардың сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді айта білуді үйрету;
  • 10-ға дейін тура және кері санауға жаттықтыру;
  • Таныс сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы

  • 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсінуді және сөздерді байланыстырып құрастыруды үйрету;
  • Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеу

Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді үйрету. Шағын қарапайым мазмұнды мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді тыңдауға және оларды түсінуге, әңгімелеуге, жатқа айтып беруге машықтандыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Таныс сөздерді дұрыс айтады және ажыратады;
  • 10-ға дейін тура және кері санайды;
  • Сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады;
  • Күнделікті жиі қолданылатын кейбір тұрмыстық заттардың, жемістердің, көкөністердің, жануарлардың, құстардың атауларын айтады және түсінеді;
  • Заттардың сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді айтады;
  • Таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады;
  • Қарапайым сұрақтар қояды және оған жауап береді;
  • Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолданады;
  • Шағын қарапайым мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді түсінеді және мазмұндайды, жатқа айта алады.

 

 

Өтпелі тақырыптар

ҰОҚ тақырыбы

ҰОҚ мақсаты

Сағат саны

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекілік-дидактикалық құралдар, ойындар және т.б.

1

«Балабақша»

«Менің балабақшам және достарым»

Мақсаты: Балаларға өз балабақшалары  туралы, соған қатысты сөздердің қазақша аудармасы туралы түсінік беру. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Мәдениеттілікке, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.

1

7.09

Дидактикалық ойындар: «Сұрақ-жауап», «Сұрақ-жауап», «Есіңе сақта», «Тыңда, көрсет, қайтала»

2

«Менің отбасым»

«Менің отбасым»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін атай алуға, ә дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

1

21.09

Дидактикалық ойын: «Үйде кім бар?», «Мен секілді қайтала», сөздік ойын «Суреттер сөйлейді».

3

«Күз»

«Жомарт күз»

Мақсаты: Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Сөздерді түсініп, дұрыс айтуға жаттықтыру. Табиғат сұлулығын көре білуге, сүюге тәрбиелеу.

1

12.10

Ойын: «Кім көп айтады?», «Қуырмаш» ойыны, күз көрінісінің суреті, түрлі-түсті жапырақтар.

4

«Ас атасы-нан»

«Қайдан келдің бауырсақ?»

Мақсаты: Нанның маңыздылығын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетінін түсіндіру. Ас атасы нан туралы түсініктерін бекіту.Нанды қастерлеуге және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Баланың бақылағыштығын, қиялын дамыту.

1

26.10

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, жұмбақ. «Тыңда, көрсет, қайтала»

5

«Дені саудың-жаны сау»

«Жеміс-жидектер»

Мақсаты: Жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру. Балалардың сөздік қорларын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, жаттықтыру. Сөздерді сөз тіркесімен айту дағдысын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

1

2.11

Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырат», «Тыңда, көрсет, қайтала»

6

«Жомарт күздің көкөністері»

Мақсаты: Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру, көкөністер туралы білімдерін кеңейту ойынға деген қызығушылығын арттыру. 
Балалардың іскерлігін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 

1

9.11

Дидактикалық ойын: «Көкөністерді ажырат», «Тыңда, көрсет, қайтала»

7

«Жыл құстары»

«Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.

1

16.11

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын», «Суреттер сөйлейді», Көктем көрінісінің суреттері

8

«Үй құстары»

Мақсаты: үй құстары тіршілігіне ондағы тірі объектілерге күтім жасау жайлы түсінік беру.Үй және дала құстарын ажырату. Картинаны сипаттау арқылы ұй құстарының пайдасын жағы туралы түсінік терін дамыту.

1

23.11

Құстардың суреттері,табиғат бұрышындағы құстардың суреттері,сабаққа байланысты керек құралдар.

9

«Алақай, қыс келді!»

«Қыс»

Мақсаты: Жыл мезгілі қыс туралы түсінік беру. Қыс, аққала, қар, шана сөздерін үйрету. Ауызекі сөйлеулерін жетілдіру. Қысқы ойын аққаланы қалай жасайтындығын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

1

7.12

Дидактикалық ойындар: «Жалғастыр», «Жанды ойыншықтар», «Суреттер сөйлейді». Суреттер, ойыншықтар

10

«Көңілді қыс»

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

1

14.12

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

11

«Менің Қазақстаным!»

«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»

Мақсаты: «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

1

21.12

Ойын: «Суретті құрастыр», Елбасының және рәміздерінің суреттері, слайд

12

«Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Отан сүйгіштікке баулу, тіл байлықтарын дамыту.

1

28.12

Сұрақ-жауап, түсіндіру, тақпақ айту, ҚР рәміздері, слайд

13

«Табиғат әлемі»

«Қыстайтын құстар»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге үйрету.

1

4.01

Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді», «Жанды ойыншықтар», суреттер, ойыншықтар.

14

«Таңғажайып табиғат»

Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 

1

11.01

 Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру

15

«Қыс қызығы»

«Қысқы ойындар»

Мақсаты: Қысқы ойындар туралы түсінік беру. Шана, шаңғы, сырғанақ сөзерін дұрыс айтуға үйрету. Туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

1

18.01

Дидактикалық ойын: «Тыңда, қайтала, көрсет», «Суреттер сөйлейді», үлестірмелі среттер

16

«Қысқы серуен»

Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері табиғат құбылыстарымен таныстыру, оны сүюге тәрбиелеу.

1

25.01

кубизм әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.

17

«Аңдардың қысқы тіршілігі»

«Аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру, тіл байлықтарын дамыту, балаларды қайырымдылыққа баулу.

1

1.02

Дидактикалық ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет», «Суреттер сөйлейді»

18

«Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету ,ой өрісін,сөйлеу тілін дамыту Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

1

8.02

«Шаттық шеңбер» тренингі, «Мекенін тап» ойыны, «Іздерді ажырату», «Иә , жоқ » ойыны, «Мозаика» ойыны, «Пікір» ағашы

19

«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»

«Мамандық түрлері»

Мақсаты: Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, олардың не үшін қажет екендігін түсіндіру. Мамандардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

15.02

Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Дәрігерге баратын жолды сызып көрсет»

20

«Менің болашақ мамандығым»

Мақсаты: балалардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой — өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыру, озық ойлы студенттерді анықтау.

1

22.02

Нақыл сөздер жазылған слайдтар, шарлар, гүлдер.

21

«Жылғалардан су ақты»

«Көктемгі табиғат»

Мақсаты: Көктемгі табиғатты бақылатып, оның ерекшеліктерін түсіндіру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

1

1.03

Ойын: «Ғажайып қоржын», «Суреттер сөйлейді», суретті сөйлейтін кітап.

22

«Су тіршілік көзі»

Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

1

15.03

Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

23

«Салт-дәстүрлер және фольклор»

«Наурыз»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, сөздік қорларын молайту,сурет бойынша әңгіме құрастыру.

1

21.03

Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді», «Ғажайып қоржын», суретті сөйлейтін кітап.

24

«Қазақтың салт-дәстүрі»

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. 

1

29.03

Суреттер, ою-өрнектер, төрт түлік, кигіз үй макеті, керекті құралдар, бесік, домбыра, ойыншықтар. 

25

«Біз еңбекқор баламыз»

«Үлкендердің еңбегін бағалау»

Мақсаты: Табиғат аясында көктем мезгілін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру, үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

1

5.04

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Дидактикалық ойын: Суретті сөйлейтін кітап, «Мақал-мәтелдер»

26

«Еңбек бәрін жеңбек»

Мақсаты: «Еңбек» адамгаршілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;  еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;  еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; 

1

12.04

Бейнефильм, фотосуреттер, үнтаспа, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер. 

27

«Ғарышқа саяхат»

«Ғарыш әлемі»

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін ояту, өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.

1

19.04

Ойын: «Суретті құрастыр»,  «Ғарышкер»,  «Жұмбақтар», суретті сөйлейтін кітап.

28

«Ғарышкерлер күні»

Мақсаты:  Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.

1

26.04

 Ғарышкерлер туралы буклеттер,

әңгімелесу, сұрақ-жауап.

 

29

«Бір шаңырақ астында»

«Біз бақытты баламыз»

Мақсаты: Көп ұлтты мемлекет туралы түсінік беру. Тіл байлықтарын дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға баулу.

1

3.05

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, өлеңдер. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

30

«Бақытты шаңырақ»

Мақсаты: Жас ұрпаққа ынтымақ, достық, бірлік, татулық жайлы түсінік беру. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

1

10.05

Нақыл  сөздер, тақырыпқа сай суреттер

31

«Әрқашан күн сөнбесін»

«Көңілді жаз»

Мақсаты: Жыл мезгіліне байланысты сөздерді үйрету, сұрақты түсініп, оған жауап беру дағдысын жетілдіру

1

17.05

Суреттерді құрастыр ойыны. Суреттер сөйлейді дидактикалық ойын.

32

«Жайдарлы жаз қандай!»

Мақсаты: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерт.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

 

1

24.05

Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба, алгаритм, тәжірибелік, көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.