Бекітемін:__________

«Бөбек» бөбекжайының меңгерушісі:

А.М. Маушева

 

 

Перспективалық жоспар

Білім беру саласы: «Коммуникация» ҰОҚ: Қазақ тілі

«Жұлдыз» ортаңғы тобы

2019-2020 оқу жылы

 

 

Түсінік хат

         Білім беру мазмұнының «Коммуникация» саласы ұйымдастырылған оқу қызметінде- тіл дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі арқылы жүзеге асырылады.

         Мақсаты инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдана отырып, қоғамда қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік дағдыларды меңгерту мен сөйлеуді дамыту болып табылады.

         Міндеті:

  • Балалардың ауызша сөйлеу қабілетін дамыту;
  • Әдеби сөйлеу тілін дамыту;
  • Шешендік өнер негіздеріне бейімдеу;
  • Мәдениетті, көркем сөйлеуге, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
  • Дидактикалық, дамыту ойындары мен жаттығуларды қолдана отырып сөздік қорларын байыту.

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Қазақ тілінде берілген сөздерді ынта қойып тыңдауға және ол сөздерді бірнеше рет айту арқылы есте сақтауға және

дұрыс айтуға үйрету. Сөз ішіндегі қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ұ, ү дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппаратты дамыту.

         Сөздік қор:

  • Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа

және т.б.), кейбір тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру;

  • Педагогтың өтінішімен қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету (бер, алып кел, ал), қазақ тіліндегі сөздік қорын

кеңейту және дұрыс айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы

  • Берілген сөз тіркестерін түсінуге және сөздерді байланыстырып құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету;
  • Байланыстырып сөйлеу;
  • Жай сөйлем құрауға машықтандыру;
  • Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету (Бұл кім? Бұл не?);
  • Шағын қарапайым мазмұнды мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді, жатқа айтып беру дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады;
  • Сөздерді ынта қойып тыңдайды, айтады және есте сақтайды;
  • Күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды дұрыс айтады;
  • Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің мәнін түсінеді және сөздерді байланыстырып құрастыра алады;
  • Өзіне таныс сөздерден жай сөйлемдер құрастыра алады;
  • Шағын қарапайым мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді тыңдайды, түсінеді және мазмұндайды, жатқа айта алады;
  • Қарапайым сұрақтарды түсінеді, оларға қысқа сөйлемдермен жауап береді.

 

 

 

 

 

Өтпелі тақырыптар

ҰОҚ тақырыбы

ҰОҚ мақсаты

Сағат саны

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекілік-дидактикалық құралдар, ойындар және т.б.

1

 

«Балабақша»

1.      «Менің

балабақшам және достарым»

Мақсаты: Балаларға өз балабақшалары  туралы, соған қатысты сөздердің қазақша аудармасы туралы түсінік беру. Төл дыбыстарды анық айта білуге жаттықтыру. Мәдениеттілікке, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.

1

6.09

Дидактикалық ойындар: «Сұрақ-жауап», «Есіңе сақта», «Тыңда, көрсет, қайтала»

2.      «Балабақша

әлемі»

Мақсаты: Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру..

1

13.09

Дидактикалық ойындар: «Сұрақ-жауап», «Есіңе сақта», «Тыңда, көрсет, қайтала»

2

«Менің отбасым»

3.      «Менің

отбасым»

Мақсаты: Отбасы, әке, ана сөздерін үйрету арқылы сөздік қорларын толықтыру. Қысқаша сұрақтарға жауап бергізу арқылы ауызекі сөйлеуге жаттықтыру. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1

20.09

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын», «Сұрақ-жауап», сөздік ойын «Суреттер сөйлейді».

4.      «Отбасы

мүшелері»

Мақсаты: балаларға өз отбасы мүшелері туралы айтып, олардың қамқорлықтары туралы білім беру, өз ойларын айқын жеткізуге, үш тілділікке үйрету, үлкендерді сыйлауға, кішілерді құрметтеуге, қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық жасауға тәрбиелеу.

1

27.09

Дидактикалық ойын: «Қай зат кімдікі?», суреттер көрмесі, «Жұмбақ жауабын тап»

3

 

«Күз»

5.      «Жомарт күз»

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Күз, жаңбыр, жапырақ сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1

4.10

Ойын: «Қолшатыр», «Мен бастаймын, сен қоста» ойыны, «Суреттерді жина» құрастыру ойыны.

6.      «Қайдан келдің

бауырсақ?»

Мақсаты: Нанның қайдан келетіндігі туралы түсінік беру. Нан, ұн, диқан сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Нанды құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

1

11.10

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, жұмбақ. «Тыңда, көрсет, қайтала»

4

«Ас атасы-нан»

7.      Қайдан келдің

бауырсақ?

Мақсаты: Нанның маңыздылығын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетінін түсіндіру. Ас атасы нан туралы түсініктерін бекіту.Нанды қастерлеуге және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Баланың бақылағыштығын, қиялын дамыту.

1

18.10

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, жұмбақ. «Тыңда, көрсет, қайтала»

 

8.      Нан қайдан келеді?

Мақсаты: Балаларға нан, бидай туралы білім беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

25.10

«Гүл, ағаш, жеміс» ойыны, санамақ ойыны, «Суреттер сөйлейді», сұрақ-жауап

9.      Күз сыйы

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.

1

1.11

Дидактикалық ойын «Жыл ағашы»,  «Сен –жасыр, біз-табамыз», «Табиғат сыйы» көрме, Жұмбақ шешу,

5

«Дені саудың-жаны сау»

10.  «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Берілген жан-жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау  дағдысын қалыптастыру.

1

8.11

«Шаттық шеңбері», сұрақ-жауап, дидактикалық ойын: «Біздің денсаулығымызға не керек?»

6

11.  «Жеміс

жидектер»

Мақсаты: Жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру. Балалардың сөздік қорларын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

1

15.11

Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырат», «Тыңда, көрсет, қайтала»

7

«Жыл құстары»

12.  Үй құстары

Мақсаты: Үй құстар және олардың пайдасы туралы білідерін кеңейту

1

22.11

Құстардың суреттері,табиғат бұрышындағы құстардың суреттері,сабаққа байланысты керек құралдар.

8

13. «Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Сөздік қорларын толықтыру.

1

29.11

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын», «Суреттер сөйлейді», Көктем көрінісінің суреттері

9

 «Менің Қазақстаным!»

14.  «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»

 

Мақсаты: «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

1

6.12

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

15.  «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздері »

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Отан сүйгіштікке баулу, тіл байлықтарын дамыту.

1

13.12

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

10

«Алақай, қыс келді!»

16.  «Қыс қызығы»

Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Өз Отанын, ауылын, астананы дұрыс айтуға үйрету. Отанына деген жылы сезімдерін ояту.

1

20.12

Дидактикалық ойындар: «Жалғастыр», «Жанды ойыншықтар», «Суреттер сөйлейді». Суреттер, ойыншықтар

17.  «Алақай, қыс

келді!»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды табиғатты аялай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.

1

27.12

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, мадақтау.

11

 

«Табиғат әлемі»

18.   «Табиғат әлемі»

Мақсаты: Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға  тәрбиелеу. Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту. Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге 

1

10.01

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қорапша», «Сергіту», «Ауа райының өзгерістерін тап».

19.  «Сиқырлы

табиғат  әлеміне  саяхат»

Мақсаты: : Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Оларды табиғат ғажайыптары мен табиғат құпиялары туралы мағлұматтарымен таныстыру. Табиғаттың тіршілігіне және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершлік сезімдері мен жауапкершілігін дамыту. Өз елінің, жерінің табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу

1

17.01

Күтпеген сәт, дидакикалық ойындар, сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , әңгімелеу.

12

 

«Қыс ғажайыбы»

20.  «Қысқы

ойындар»

Мақсаты: Қысқы ойындар туралы түсінік беру. Шана, шаңғы, сырғанақ сөзерін дұрыс айтуға үйрету. Туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

1

24.01

Дидактикалық ойын: «Тыңда, қайтала, көрсет», «Суреттер сөйлейді», үлестірмелі среттер

21.  «Қысқы серуен»

Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері табиғат құбылыстарымен таныстыру, оны сүюге тәрбиелеу.

1

31.01

кубизм әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.

13

«Аңдардың қысқы тіршілігі»

22.  «Аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру, тіл байлықтарын дамыту, балаларды қайырымдылыққа баулу.

1

7.02

Дидактикалық ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет», «Суреттер сөйлейді»

23.  «Жабайы

аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету ,ой өрісін,сөйлеу тілін дамыту Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

1

14.02

«Шаттық шеңбер» тренингі, «Мекенін тап» ойыны, «Іздерді ажырату», «Иә , жоқ » ойыны, «Мозайка» ойыны, «Пікір» ағашы

14

«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»

24.  «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, олардың не үшін қажет екендігін түсіндіру. Мамандардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

21.02

Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Дәрігерге баратын жолды сызып көрсет»

25.  «Менің болашақ мамандығым»

Мақсаты: балалардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой — өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыру, озық ойлы студенттерді анықтау.

1

28.02

Нақыл сөздер жазылған слайдтар, шарлар, гүлдер.

15

«Жылғалардан су ақты»

26.  «Жыл мезгілі. Көктем»

Мақсаты: Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздерді түсініп, дұрыс айтуға жаттықтыру, түстерді қайталату, табиғат сұлулығын көре білуге, сүйе білуге тәрбиелеу.

1

6.03

Ойын: «Кім көп айтады?», «Қуырмаш» ойыны, Көктем көрінісінің суреті.

27.  «Су тіршілік көзі»

Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

1

13.03

Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

16

«Салт-дәстүрлер және фольклор»

28.  «Наурыз»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, үйренген сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.

1

20.03

Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді», суретті сөйлейтін кітап.

29.  «Салт-дәстүр-асыл қазына»

Мақсаты:.Мектепке дейінгі балалардың бойына өнеге боларлық халықтың салт дәстүрін дарыту.Балалардың үлкенге,ата - анаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

1

27.03

Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді», суретті сөйлейтін кітап.

17

«Біз еңбекқор баламыз»

30.  «Бірге

еңбектенеміз»

Мақсаты: Табиғат аясында көктем мезгілін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру, үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

1

3.04

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Дидактикалық ойын: Суретті сөйлейтін кітап, «Мақал-мәтелдер»

31.  «Еңбек бәрін

жеңбек»

Мақсаты: «Еңбек» адамгаршілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;  еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;  еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; 

1

10.04

Бейнефильм, фотосуреттер, үнтаспа, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер. 

18

«Ғарышқа саяхат»

32.  «Ғарыш әлемі»

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін ояту, өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.

1

17.04

Ойын: «Суретті құрастыр», «Ғарышкер»,  «Жұмбақтар», суретті сөйлейтін кітап.

33.  «Ғарышкерлер күні»

Мақсаты:  Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.

1

24.04

 Ғарышкерлер туралы буклеттер,

әңгімелесу, сұрақ-жауап.

 

19

«Бір шаңырақ астында»

34.  «Біз бақытты баламыз»

Мақсаты: Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға баулу.

1

8.05

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, өлеңдер. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

35.  «Ақпыз, сары, қарамыз...»

Мақсаты: Республикамыздың аймағында тұрып жатқан барлық ұлттар арасындағы достықты бағалау,мемлекетіміз туралы білім

 

1

15.05

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тақпақ, өлеңдер. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

20

«Әрқашан күн сөнбесін»

36.  «Көңілді жаз»

Мақсаты: Жыл мезгіліне байланысты сөздерді үйрету, сұрақты түсініп, оған жауап беру дағдысын жетілдіру

1

22.05

 

Суреттерді құрастыр ойыны. Суреттер сөйлейді дидактикалық ойын.

37.  «Жайдарлы жаз қандай!»

Мақсаты: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерт.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

 

1

29.05

Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба, алгаритм, тәжірибелік, көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.