«Бөбек» бөбекжайында 28 наурыз айында шеберлік сыныбы өтті.

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру саласында экологиялық тәрбиені әртүрлі формада сапасын көтеру»

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарының тәжірибесін жалпылау.

Біздің бөбекжаймыз экология тақырыбында жұмыстанады. Бөбекжайда экологиялық мәдениеті қалыптастыру жұмысы ойын, іс-тәжірибе арқылы жүргізіледі. Қоршаған ортаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екендігін ұғынудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға байланысты экологиялық тәрбие берудің алатын орны көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінде педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешімін табуда. Бөбекжай педагогтары көптеген қызықты дидактикалық ойындармен іс –тәжірибелерімен бөлісті.